«Күй-Мұра» және «Домбыра-Думан» атты тақырыпта домбыра бөлімінің жас мамандары Асан Балғабекұлы мен Азамат Жанкелдіұлының сыныптық клас концертері өтті. Асан Балғабекұлының сыныптық клас концерті Қазанғаптың күйі «Ақжелең» орындауымен басталып, Кәки Айбибінің орындауында «Латвияның халық полькасы» мен жалғасын тапты. Оқушылардың жеке орындауында Даулеткерейдің күйі «Короглы», халық күйі «Келіншек», «Әке толғауы» орындалды. «Күй-Мұра» клас концерті халық күйі «Тепең көкпен» тәмамдалып, Азамат Жанкелдіұлының сыныптық клас концерті басталды. Концерт 1 сынып оқушыларының орындауында «Жастар биі» және «Тепең көк» халық күйлерімен басталды. Тиыштықбай Жантөренің орындауында Динаның күйі «Тойбастар», оқушылардың орындауында «Салкүрең», «Нарагачи» халық күйлері шашу етіліп, квартеттің орындауында «Күй шашумен» аяқталды. Мектеп басшысы қорытынды сөз сөйлеп, толағай табыстар тіледі.
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert
@kost__bilim









